28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқтау қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 150-ден астам мықты спортшының қатысуымен жағажай самбосынан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұланының намысын абыроймен қорғаған әскери қызметшілер жеке есепте жоғары нәтижелер көрсетіп, төрт бірдей жүлделі орынды жеңіп алды.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді 6654 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Нұрсұлтан Нұрсейітов иеленді.
Ал 88 келіге дейінгі салмақта екінші орынды 5573 әскери бөлімінің сержанты Бекзат Алтынбаев алды.
100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бірден екі ұландық жоғары нәтиже көрсетті:
– 5573 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Жандос Сейтенов күміс медаль алса,
– ал 5451 әскери бөлімінің жауынгері Болат Сапар өз салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын медаль иеленді.
Бұл жетістіктер —ұландықтардың жүйелі дайындығының, рухани қуаты мен жауынгерлік мінезінің айқын дәлелі.
Айта кетейік, барлық жүлдегерлер биыл Сингапурда өтетін жағажай самбосынан Әлем кубогына жолдама алды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?