29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚР Ауыл шаруашылығының Жер қатынастары комитеті «Ашық НҚА» порталына жаңадан құрылған облыстардың, олардың құрамына енген аудандар мен қалалардың кадастрлық кодын белгілейтін бұйрық жобасын жариялады, – деп хабарлайды El.kz.
Құжат жобасы бойынша, Абай облысына – 23, Ұлытау облысына – 25, Жетісу облысына – 24 деген кадастрлық код берілмек.
Қонаев қаласы Қапшағай болып тұрған кездегі кадастрлық кодын сақтап қалды – 055.
Сондай-ақ Абай облысындағы Курчатов қаласының кадастрлық коды – 217, Ақсуат ауданының коды – 333 болатыны айтылған.
Ал Шығыс Қазақстан аумағында қайта құрылған Самар ауданының кадастрлық коды 334 болмақ.
– Жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлерлік кодтарын мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19,Ұлытау облысы - 20, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Министрлік ақпаратына қарағанда, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек