Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖамбыл облысының тұрғыны зейнеткердің атына онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаратау қаласының 64 жастағы тұрғыны Талас аудандық полиция бөліміне арыз түсірді. Белгісіз ер адам зейнеткердің атына 698 229 теңге сомасында алаяқтық жолмен онлайн несие рәсімдеген. Жәбірленуші несие туралы зейнетақысының белгілі бір сомасы ұсталынған соң ғана білген.
Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Анықталғандай, белгісіз адам ер адамның абоненттік нөмірін алып, банктің қосымшасынан тексеруден өтіп, электронды құжаттарды пайдалана отырып, жәбірленушінің атына онлайн несие рәсімдеп, ақшасын иеленген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Қаратау қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін мойындады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер