7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Bild мәліметінше, оқиға Германияның Оснабрюк қаласында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ер адам көпқабатты үйдегі пәтеріне көтеріліп бара жатқанда лифт кенеттен істен шыққан. Жүйедегі ақаудың кесірінен құрылғы тоқтап қалған. Зейнеткер операторға да хабарласа алмаған. Кейін белгілі болғандай, электр жүйесіндегі бұзылу салдарынан лифт кабинасы ғана емес, апаттық шақыру батырмасы да істемей қалған. Ал қарт кісінің қасында туған-туыстарына хабарласуға қажетті телефоны болмаған. Ол жеделсатыдан өздігінен шығуға тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Сөйтіп ол төрт тәулік бойы кабина ішінде отырып қалған.
Зейнеткерді ұлы құтқарып алды. Әкесі қоңырауларға жауап бермей қойған соң, ол алаңдап, төтенше қызметке жүгінген. Оқиға орнына жеткен полицейлер лифт шахтасынан әлсіз дауыс естіп, ер адамды құтқарып алды. Әбден әлсіреп қалған зейнеткер дереу ауруханаға жеткізілді.
Бірнеше күннен соң ол толықтай қалпына келді. Қарт кісі:
Ешқашан полициямен дос болған емеспін, бірақ дәл сол сәтте полицейдің дауысын естігеніме қатты қуандым, – деп ағынан жарылды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?