Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңесЖапонияда егде жастағы адамдардың бір бөлігі зейнетке шыққаннан кейін де қоғамнан шет қалмай, балаларға білім беріп, еріктілікпен айналысады. Жапониядағы көпбалалы ана Ақмарал Тоққарина мұндай волонтерлердің өз балаларына жапон тілін тегін үйретіп жүргенін айтып желіге жариялады.
Үй тапсырмасына көмектеседі
Жапонияда егде жастағы адамдардың қоғам өміріне белсенді араласуына ерекше мән беріледі. Соның бір мысалы – қарттардың балаларға білім беріп, мектептер мен қауымдастықтарға ерікті ретінде көмектесуі.
Олар кітап оқып береді, үй тапсырмасын орындауға көмектеседі, түрлі үйірмелерге қатысады, ұлттық мәдениет пен өздері меңгерген дағдыларды кейінгі ұрпаққа үйретеді. Мәселен, Жапонияда 60 жастан асқан еріктілердің бастауыш мектептерге барып, балаларға суретті кітаптар оқитын REPRINTS бағдарламасы 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Зерттеулер мұндай бастамалардың балалар мен егде жастағы адамдар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететінін көрсеткен.
Қазақ балаларына тіл үйреткен
Бұл тәжірибені Жапонияда тұратын көпбалалы ана Ақмарал Тоққаринаның әңгімесі де толықтыра түседі.
Жапонияда үлкен кісілер қарттық деменцияға ұшырамас үшін волонтер болады. Олар жас ұрпаққа білім береді. Кішкентай балаларға тегін сабақ үйретіп, өздері де миын жаттықтырады. Сол волонтерлердің бірі – отбасылық жұп. Олар біздің балаларымызға да жапон тілін үйретіп жүр. Үй тапсырмаларын орындауға да көмектеседі, – дейді Ақмарал Тоққарина.
Оның айтуынша, балалармен араласу егде жастағы ерлі-зайыптылардың өздеріне де қуаныш сыйлайды.
Іңкәр мен Назерке үйге сабақ оқуға келгенде сергіп қаламын, – дейді видеода жапондық қарттардың бірі.
Яғни бұл жерде білім беру екі жақты жүреді. Балалар үлкендерден білім мен тәжірибе алса, егде жастағы адамдар қоғаммен байланысын үзбей, өз білімін өзгелермен бөлісуге мүмкіндік алады.
Мемлекеттік жобаға айналған
Жапонияда мұндай ұрпақаралық жобалардың бірнеше түрі бар. Мысалы, кей бағдарламаларда қарттар мектеп оқушыларына кітап оқып береді. Кейбір еріктілер балаларға дәстүрлі өнерді, қолөнерді немесе басқа да өздері меңгерген дағдыларды үйретеді.
Ғалымдар да ұрпақаралық байланыстың маңызын атап өтеді. Зерттеулер балалардың егде адамдармен жиі араласуы олардың үлкендерге деген көзқарасын жақсартуы мүмкін екенін көрсетеді. Ал үлкендер үшін еріктілік қоғамға қажет екенін сезінуге, күнделікті белсенділігін сақтауға және адамдармен қарым-қатынасты жалғастыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан Жапониядағы бұл тәжірибені «қарттар балаларға сабақ береді» дегеннен гөрі, «әр ұрпақ бір-біріне қажет» деген қағидамен түсіндіруге болады.
Бірі – өмір бойы жинаған тәжірибесін бөліседі. Екіншісі – жаңа білім алады. Ал олардың арасындағы байланыс жалғыздықты азайтып, қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығын күшейтеді.
Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді