Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, қазіргі таңда зейнетақы жинақтарының басты мақсаты – адамның қартайған шағындағы өмір сапасын қамтамасыз ету. Сондықтан бұл қаражатты ерте жастан пайдалану болашақта зейнетақының нақты құнының төмендеуіне әкеліп, қаржылық қиындықтар тудыруы мүмкін. Осы себепті, министр мұндай қадамға бару тиімсіз екенін атап өтті.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін қолданылатын жаңа жеткілікті шектер күшіне енеді. Алайда, бұл шектер өзгеріссіз қалды: олар 2023 және 2024 жылдардағы деңгейде сақталып отыр. Жеткілікті шек азаматтың жасына байланысты 3 миллион теңгеден бастап 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды. Мысалы, 20 жастағы азаматтар үшін бұл көрсеткіш – 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағылар үшін – 4 миллион 580 мың теңге, ал 40 жастағылар үшін – 6 миллион 100 мың теңге көлемінде белгіленген.
Бұған дейін зейнетақы 120 пайызға артатыны туралы жазған едік.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады