Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024 жылдың 11 айындағы таза инвестициялық кірістің көлемін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл қорға аударылған міндетті зейнетақы жарналарының жалпы көлемі 2,29 трлн теңге болды. Ал инвестициялық табыс одан асып түсті.
2024 жылдың 11 айында отандастарымыздың таза инвестициялық кірісі 2,76 трлн теңгеден асты. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 1,53 трлн теңгеге немесе 123% артық, - делінген ресми хабарламада.
1 желтоқсандағы жағдай бойынша инфляция 8,40 процент болды. Ал қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы табысы 16,97 процентті құрады.
Айта кетері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны ұлттық банк басқарады. Қор қаржысы бағалы қағаздарға, салымдар мен басқа операцияларға салынады. Одан сыйақы түріндегі кірістер түседі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді