Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕнді кеншілер 55 жастан бастап зейнетке шыға алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесуде айтты.
Кездесу барысында кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендету мәселесі көтерілді.
Премьер-министрдің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта кеншілерге ертерек – 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр.
Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында жоғалып кеткен және осындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесті, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?