29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПольшадағы екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі «алтын пойызды» іздеумен айналысып жүрген бір топ зерттеуші оның бар екенін растайтын жаңа деректерге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу тобының айтуынша, Төменгі Силезия аумағында жүргізілген георадарлық тексеріс жер астында ерекше аномалияны анықтаған. Мамандар оны жер асты туннелі мен бірнеше вагон ретінде түсіндіріп отыр.
Біз жасырып қойған теміржол туннелін және оның ішінде тұрған үш вагонды таптық, - делінген хабарламада.
Зерттеушілер алдағы уақытта орманды аймақта қосымша қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуды жоспарлап отыр.
«Алтын пойыз» - бұл екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған тұста нацистер елден ұрланған бағалы заттарды, алтын мен өнер туындыларын арнайы пойыздарға тиеп, жасырын түрде тасымалдаған. Немістердің бұл іс әрекетін кейбір тарихшылар жоққа шығарса, енді бірі бұл оқиғаны тарихтағы зерттелмей қалған ғажайып туынды деп есептейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек