Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЗеленскийдің Украина президенті ретіндегі өкілеттік мерзімі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ураинада президент сайлауы 31 наурызда өтуі керек болатын, алайда әскери жағдайға байланысты өткізілген жоқ. Украина Конституциясы мұндай жағдайда Мемлекет басшысын сайлауға тікелей тыйым салмайды, бірақ тыйым әскери жағдайдың құқықтық режимі туралы заңда қарастырылған.
Бұған дейін Зеленский сұхбатының бірінде президенттік сайлау соғыс аяқталғаннан кейін өтсе, екінші мерзімге сайлауға түскісі келмейтінін айтты.
Айта кетейік, былтыр Киевке барған америкалық республикашыл сенатор Линдси Грэм ел билігін 2024 жылдан кешіктірмей президенттік сайлау өткізуге шақырды.
45 жастағы Владимир Зеленский 2019 жылы Петр Порошенконың орнына Украина президенті болып сайланған еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?