6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерУкраина президенті Ресейдің уақытша оқ атуды тоқтату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Владимир Путин Жеңіс мерейтойына орай бітім жариялайтынын хабарлаған еді – 8 мамыр түнгі 00:00-ден бастап 11 мамыр түнгі 00:00-ге дейін.
Зеленский бұл ұсынысты «манипуляция жасау әрекеті» деп атап, Украина наурыз айында-ақ АҚШ ұсынған толық оқ атуды тоқтату бастамасын қолдағанын еске салды. Оның айтуынша, атысты тоқтату үшін 8 мамырды күтудің қажеті жоқ.
Біз парадтарды емес, адам өмірін бағалаймыз. Бітім дереу, толық және сөзсіз жариялануы керек — ең аз дегенде 30 күнге. Бұл — шынайы дипломатияның негізі, — деді Зеленский.
Бұған дейін Путин 19 сәуір күні сағат 18:00-ден 21 сәуір түнгі 00:00-ге дейін пасхалық бітім жариялаған болатын. Сол кезде де екі тарап бір-бірін келісімді бұзды деп айыптаған еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі