Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр
Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясының ғимараты алдында Өзбекстанның мемлекеттік Туын салтанатты көтеру рәсімі өтті.
Салтанатты жиынға Түркі мемлекеттер ұйымының Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев, Қазақстан Республикасың Ғылым және жоғарғы оқу министрі Саясат Нұрбек, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, сонымен қатар Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ағалар Атамоғланов, Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеев, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, Мажарстан мен Түркия елшілігінің дипломаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен түркологтар, Қазақстандағы диаспора және БАҚ өкілдері қатысты.
Түркі академиясының ғимаратында өткен ресми жиында ұйым президенті Дархан Қыдырәлі Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаевтан Өзбекстанның Мемлекеттік туын қабылдап алып, арнайы ту туғырға салтанатты көтеру рәсімін жасады. Осылайша түркі әлемінің ғылыми-интеллектуалды орталығы саналатын Түркі академиясы іргесін кеңейтіп, ғылыми интеграция ауқымын жаңа белеске көтерді.
Айта кету керек, 2019 жылдың Түркі ынтымақтастық ұйымының (сол кездегі Түркі кеңесі) Баку қаласында өткен 8-Саммиттінде Өзбекстан ұйымға толыққанды мүше болып қабылданды. Осыған орай, ынтымақтыстық аясында Өзбекстан тарапы Түркі академиясына бақылаушы мемлекет мәртебесін алу үшін ресми өтінім берді. Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясына Түркі әлемінің елдерімен ынтымақтастық институттары арасында бақылаушы мәртебесіне өтініш қабылдаған алғашқы ұйым Мажарстан болған еді.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова