29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташқа» ауысуы мүмкін бе?» деген сауалға футболшының өзі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
– Қазір ақпарат көп. Ресми мәліметті күткеніміз дұрыс. Себебі мен өзім де әлі ештеңе білмеймін, күтіп жүрмін.
– Өзің «Бешикташқа» ауысқың келе ме?
– Айта алмаймын, ЦСКА-мен келісімшартым бар. Арманым – топ-5-те өнер көрсету. Түркия чемпионаты да осал емес. Ресей мен Түркия чемпионаттарының деңгейі бірдей. Санкцияға байланысты Түркиядан Еуропаға кету оңайырақ.
– Бір жыл бұрын «Аталантаның» шорт-парақшасына енгенің туралы айтылған. Бұл қаншалықты рас ақпарат?
– Ресми оффер болған жоқ. Қызығушылық танытқанымен, келісім жүрген жоқ. Агент маған бәрін бірдей айта бермейді, көп мағлұматты біле бермеймін. Неше түрлі хабарламалар болды ғой.
– «Аталантадан» да келді ме?
– Иә, бірақ жеке менімен сөйлескен жоқ. Шомурадовтан ғана сұрастырған пекен. Италияда ойнаған дұрыс деп жатады. Маған келеді дейтіндер көп.
– Өзің Италияның қай клубына жанкүйер болдың?
– А сериясында маған «Рома» мен «Милан» ұнайтын, жалпы өзім «Барселонаның» жанкүйерімін.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек