Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлемдік рейтингінде 25-орында тұрған қазақстандық спортшы Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыста ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелді. Финалда Заңғар кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде ұтты. Турнир барысында қазақстандық теннисші қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.
Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлының ITF Juniors аясындағы жекелей сындағы алтыншы титулы болды. Бұған дейін ол J100 Aizkraukle, J200 Shymkent, J100 Izmir, J30 Tsaghadzor, J30 Trnava турнирлерде топ жарған болатын.
Келесі аптада Заңғар Кореяның Вонджу қаласында өтетін ITF Juniors J300 турнирінде бақ сынайды. Бұл дода 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы бейресми Азия чемпионаты саналады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?