Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКореяның Вонджу қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Азияның бейресми чемпионаты саналып келген беделді ITF Juniors турнирі (J300 санаты) мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 23-орында) әлемдік жасөспірімдер теннисіндегі үздік ойыншылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Финалда 18 жасқа дейінгі қазақстандық бірінші ракетка Қытай Тайбэйінің өкілі — Куан Чеу Ченмен (әлемдік рейтингте 41-орында) кездесті. Бұған дейін қос спортшы 2024 жылы күзде өткен жасөспірімдер арасындағы Дэвис Кубогының финалдық кезеңінде кездесіп, сол кезде Нұрланұлы 7:6, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.
Заңғар бұл жолы матч бастала салысымен басымдық танытты. Ол қарсыласына мүмкіндік қалдырған жоқ. Қазақстандық теннисші кездесуді 6:2, 6:1 есебімен қорытындылады.
Бұл жеңіс Нұрланұлының хард төсенішіндегі қатарынан екінші титулы болды. Ол алдыңғы аптада Кореяның басқа қаласы — Чхунчхонда өткен J200 турнирінде де жеңімпаз атанған еді. Осылайша, Заңғардың хардтағы жеңісті сериясы 11 матчқа дейін жалғасты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?