Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада Президент кубогы үшін теннистен өтіп жатқан челленджер турнирінде Заңғар Нұрланұлы сенсациялық нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Заңғар Нұрланұлы жұптық сында словакиялық Михал Крайчимен бірге алғашқы айналымда поляк Олаф Печковски – үндістандық Сингх Каранды қапы қалдырды – 6:4, 6:1. Бұл Заңғар Нұрланұлының спорттық жолындағы челленджер додасындағы алғашқы жеңісі еді. Отандасымыз ең шешуші тұстарда шеберлігін көрсетіп, сәтті ойнай білді.
Теннис федерациясының ақпаратынша, қазақстандық-словакиялық дуэт жартылай финалға шығу үшін жарыстың 3-ракеткалары, жапониялықтар Тайсей Ишикава – Кокоро Исомурамен таласады.
Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин аустралиялық Эдвард Уинтермен бірге ширек финалға өтті. Олар таилық Максимус Джонс – грузиялық Саба Пурцеладзені жолдан тайдырды – 6:3, 7:6 (7:1). Ломакин – Уинтер ширек финалда турнирдің 2-ракеткалары, жапониялықтар Кусухара – Накагавамен кездеседі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді