20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында білім алушылар арасында «Фемида-2025» кәсіби шеберлік сайысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Оспанова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов және университеттің комплаенс-офицері Әлібек Жаппасбаев төрелік жасады.
Сайысқа «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінен құралған бес команда қатысып, 5 кезең бойынша бақ сынады. Әр команда өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салып, 5 балдық жүйе бойынша бағаланды.
Іс-шара студенттерді әділдік пен жауапкершілікке баулып, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мақсатында ұйымдастырылды.
Сайыс қорытындысы бойынша «Ю-24-7» – І орын, «Ю-24-1» – ІІ орын және «Ю-24-9» командасы – ІІІ орын иеленді. Ал Бас жүлде «Фемида-2025» «Ю-24-3» командасына бұйырды. Үздік командаларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?