Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыДепутат Геннадий Шиповскихтің айтуынша, бүгін спикерлердің тарапынан көптеген ұсыныс болды. Енді солар бойынша жұмыс істелуі керек. Сонымен қатар депутат өз ұсынысын да қоса кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Заманға сай идеологиялық құралдарды пайдалануымыз керек. Қазіргі таңда креативті индустрия, креативті көзқарас дамып жатыр. Медиа саласындағы, әлеуметтік желі саласындағы кейбір қателіктерді түзеуіміз керек. Осы біздің басты назарымызда болуы керек. Өйткені біз қазір инновациялық ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Түрлі жаңашылдықтар келіп жатыр. Креативті жағынан ұсынуымыз керек. Кей жерде әзілмен ұсынсақ, кей жерде жеңіл дүние қосып, ұғынықты тілмен беруіміз керек, - деді Парламент Сенатының депутаты.
Бұдан бөлек Шиповских Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесінің еліміз үшін қандай маңызы бар екенін айтты.
Бүгін – Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін маңызды күн. Өйткені ҚХА сессиясы өтіп жатыр. Біздің түрлі көзқарасымыз болуы мүмкін. Түрлі партияға бөлінуіміз мүмкін. Түрлі тілді меңгеруіміз мүмкін. Ұлттарымыз да әртүрлі болуы мүмкін. Бізді біріктіретін, үйлестіретін – бірлік. ҚХА – осы жолдағы басты институт, құрал. Қазіргідей күрделі геосаяси кезеңде бәріміз бір болуымыз керек, - деді Сенат депутаты Геннадий Шиповских.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек