29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘлеуметтік желіде өзін «Қызылорда облысы прокурорының әйелімін» деп таныстырып, күзетшілерге қоқан-лоқы көрсеткен келіншектің кім екені анықталды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жеке серіктестіктің күзет қызметкері шағым түсірген.
15 шілде күні сағат 14:00 шамасында ғимаратқа келген жас әйел күзетшілерге дөрекі сөздер айтып, балағаттағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазған.
«Әл-Фараби аудандық полиция бөасқармасының қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол 1984 жылы туған жергілікті тұрғын, бұрын азамат Д-мен тұрмыста болған (прокуратура қызметкері емес). Қазіргі уақытта азаматша ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды. Соңғыға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек