20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Достықта жоқ шекара» атты славян фестивалі өтті.
Фестивальге Жамбыл, Алматы облыстарынан және аймақ аудандарынан арнайы қатысушылар келді. Сондай-ақ, аталмыш шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестік төрағалары мен белсенді мүшелері, жастар қатысты. Арнайы қолөнер және орамалдар көрмесі ұйымдастырылды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова өңірдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген славян этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділері мен Жамбыл, Алматы облысынан келген қонақтарды Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен бірге, облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамовтың атынан бірлестіктің ардагері Майя Бусыгинаның 75 жылдық мерейтойына орай құттықтауын жеткізді.
«Славян орталығы облыста ғана емес, одан тыс жерлерде де кең танымал. Орталықтың есебінде көптеген игі істер бар. Бұл фестивальдер, байқаулар, халық мерекелерін өткізу, облыстық және қалалық қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланыстарды нығайту, Қазақстандағы гуманитарлық салалардағы Ресей Федерациясының елшілігімен тығыз ынтымақтастық. Славян қоғамдық-мәдени орталығының күнделікті жұмысының басты мазмұны біздің қоғамдағы достық пен келісімді нығайту, жалпы рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелей отырып, ортақ үйіміздің болашағы үшін жоғары жауапкершілікте болу», - деді Л.Төрешова құттықтау сөзінде.
Жамбыл облысының «Калинка» вокалды тобы, Қапшағай өңірінен келген «Сударушки» ұлттық әндер ансамблі кештің көркін келтіріп, одан бетер жандандыра түсті. Мерекелік концерттен соң фестивальге келген қонақтар Сыр елінің көрікті жерлеріне экскурсия жасады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?