Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызылорда қаласындағы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдық шырша өтті.
Мерекелік шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді мүшесі, меценат Венера Гафурова қатысты.
Дәстүр бойынша жыл сайын жаңа жыл қарсаңында әрбір бала ғажайыпты күтеді. Өңірде жылдан жылға балаларға жақсылық жасайтын «сиқыршылар» саны арта түсуде.
Осы жылы сұлулық орталықтарының бірінде «Тілектер шыршасы» атты жаңа жылдық қайырымдылық жобасы іске асырылып, онда ойыншықтардың орнына «Атамекен» балалар ауылы тәрбиеленушілерінің Аяз Атаға жеке тілектерін жазылған карточкалары ілінді.
Мерекелік кеште қайырымдылықпен айналысатын әрбір адам сиқыршы рөлінде өнер көрсете алды, жеке карталардың бірін таңдап, баланың қалауын орындады. Жаңа жылдық шыршада жиналған сыйлықтар 55 тәрбиеленушінің әрқайсысының жеке үлестірілді.
Өз кезегінде В. Гафурова «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне көрсеткен қолдаулары, оларға сыйлаған қуаныш пен шаттық үшін қаланың меценаттарныа шексіз алғысын білдірді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді