Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызылордадағы А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде дәстүрге айналған «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен бастауыш және мектепке дейінгі балаларға арналған жаңажылдық шырша кеші өтті.
Жаңа жылдық ертеңгілікті Галина Щербакова бастаған «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының белсенділері ұйымдастырды.
Ертеңгілікке этномәдени бірлестіктердің, аз қамтылған отбасылардың балалары және қала мектептерінің оқушылары шақырылды – барлығы 800-ге жуық бала қатысты.
Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жыл – Тышқан жылы, сондықтан көптеген көріністер осы жануармен байланыстырылды. Мысалы, шыршаға қатысушылар «Щелкунчик және Тышқан патшасы» ертегісінің желісі бойынша қойылымды тамашалады.
Балалар Аяз Ата мен Ақшақарды дауыстап шақырып, «Надежда» вокалдық тобымен бірге жаңа жылдық әндер шырқап, шыршаны айналды. «Жемчужинка» би тобымен бірге әсерлі би билеп, тақпақтар айтты, ертегі сиқыршыларының жұмбақтарын шешіп, көңілді эстафеталарда жылдамдық пен ептілік танытты.
Рождество қарсаңында өткен мерекелік ертеңгіліктің соңында Қазақстандағы Ресей елшілігі атынан барлық балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді