29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚызылорда облысының полиция қызметкерлері 13 маусымда «Қарасора-2022» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан 9 шақырым қашықтықтағы «Қызыл шұқыр» учаскесіндегі қалың шеңгел арасынан ірі есірткі алқабы анықталды. Онда облыс тұрғыны заңмен тыйым салынған сора өсімдігін ірі мөлшерде егіп, күтіп-баптап өсірген.
«Тексеру барысында жалпы саны 1149 түп сора өсімдігі анықталды. Оқиға орнында олар өртеу жолымен жойылды. Күдікті Жалағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300 - бабы 2 - бөлігінің 3 - тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек