20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылордадағы Достық үйінде неміс этносының мәдени күні өтті. Шара басталмас бұрын келген қонақтар қолөнер көрмесін тамашалады.
Мәдени күн аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова неміс этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділерін марапаттай отырып, бірлестіктің жеткен жетістіктерін атап өтті.
«Жақында ғана бүкіл ел мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтті. Мерекенің басты мақсаты Тұңғыш Президенттің жетістіктерін тану, сондай-ақ елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған қоғамды топтастырудың бірегей институты. ҚХА Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің шынайы сақтаушысы.
Біздің елімізде Қазақстан этностарының мәдениетін, тілдерін жаңғырту мен дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Этностардың мәдениет күндері салт-дәстүрмен, тарихымен, тіпті ұлттық ас үйімен жақын танысуға мүмкіндік береді.
Дәстүр бойынша мен орталықтың басшысы Шек Ирина Николаевнаға, оның белсенділеріне қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», - деді Л. Төрешова.
Сонымен бірге, неміс этномәдени бірлесітігінің жетекшісі Ирина Шек бірлестік тарапынан Тереңөзек кентінен келген «Достық» ансамблі, Александра Кокшарова және Константин Луцаны марапаттады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?