Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТуриннің «Ювентус» клубының бас бапкері Игор Тудор қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Клубтың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, уақытша бас бапкер қызметін Массимо Брамбилла атқаратын болды.
Тудормен бірге оның жаттықтырушылар штабы түгелдей жұмыстан кеткені айтылды.
47 жастағы хорват маман Игор Тудор «Ювентустың» тізгінін 2025 жылдың 23 наурызында алған еді. 13 маусымда клуб хорват бапкерімен келісімшартты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартқан болатын, әрі тағы бір маусымға созу мүмкіндігі де қарастырылған еді.
Алайда биылғы маусымда «Ювентус» сегіз турдан кейін небәрі 12 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады. Келесі турда туриндік команда өз алаңында «Удинеземен» кездеседі. Ал Италия чемпионатында көш бастап тұрған команда – «Наполи» (18 ұпай).
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді