29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанжчоу (Қытай) WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 27-інші, жарыстың 1-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линетпен бетпе-бет келді.
М.Линетт 6:2, 6:3 есебімен Ю.Путинцеваның жолын кесті. Магда 1 сағат 16 минутқа созылған бәсеке барысында 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Қазақстандық теннисші 3 брейк-пойнтты мүлт жіберді.
М.Линетт финалда дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған қытайлық Сиюй Ван немесе әлемнің 68-ракеткасы Гретье Минненнің бірімен (жеңгенімен) кездеседі.
Юлия Путинцева аталған додада жартылай финалға дейін жетуінің нәтижесінде қазір WTA Live рейтингісінде 72-орынға көтерілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек