29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
ҚХР-дың Су шаруашылығы министрлігі мен Метеорология басқармасы елдің оңтүстігіндегі таулы өлкеде сел жүру қаупі туындауына байланысты қызыл деңгейлі төтенше жағдай жариялады, – деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы baq.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Метеорологтердің мәліметінше, 2 шілде күні 20:00-ден бастап Гуандун провинциясының батыс бөлігі мен Гуанси-Чжуан автономды өлкесінің шығысындағы кей жерде тауда сел жүру қаупі артқан.
Жергілікті билікке бақылауды күшейту және су тасқыны, сел бола қалған жағдайда алдын ала хабарлауға мұқият дайын болу тапсырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге дайындалу ескертілді.
Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және ең жоғарғы қызыл деңгей.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек