Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТрихолог маманның айтуынша, тым ыстық душты жиі қабылдау шаштың түсуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Daily Star-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Ұлыбританиялық трихолог және шаш трансплантациясы бойынша маман Ваджид Али Анвардың сөзінше, ыстық су бас терісін қатты құрғатып, оның табиғи қорғаныш қабатын бұзады және шаш құрылымын әлсіретеді.
Өте ыстық душ бас терісін тітіркендіріп, табиғи май қабатын жояды және шаштың сыртқы қабатына зиянын келтіреді. Қорғаныш қабаты бұзылып, шаш ылғалды жоғалтқанда, ол сынғыш болып, түсе бастайды – бұл науқастар жиі айтатын «кенеттен болатын шаш түсуінің» себебі, – деп түсіндірді дәрігер.
Оның айтуынша, шашы сирек немесе әлсіз адамдар үшін жоғары температура жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін.
Дәрігер Анвар судың ең қолайлы температурасын 37-39 градус шамасында ұстауды ұсынады. Ыңғайлы температураны тексерудің оңай тәсілі – суды білектің ішкі жағына тигізіп көру: егер күйдіріп тұрса, демек ол бас терісі үшін де тым ыстық.
Сонымен қатар маман кешкі уақытта шамамен 5 минуттай жылы душ қабылдауға кеңес береді:
Бұл тері тесіктерін тазалап, тер мен ластан арылуға көмектеседі, фолликулалардың (шаш түбі) тітіркенуін азайтады. Егер сіз таңертең жаттығу жасайтын болсаңыз, салқындау суды таңдаңыз және бас терісін қатты ысқылаудан аулақ болыңыз, – деді трихолог.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?