Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖоғары температураның жиі қайталануы балалардың оқу қабілетіне, әсіресе математика пәнін меңгеруіне кері әсер етеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
RMIT және Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің австралиялық зерттеушілері осындай тұжырымға келген. Зерттеу нәтижелері PLOS Climate ғылыми журналында жарияланған.
Зерттеуге 61 елден 14,5 миллионға жуық мектеп оқушысы қатысқан. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, ыстық климатта өмір сүретін және оқитын балалар логика, абстрактілі ойлау және зейінді шоғырландыруды қажет ететін тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болады. Бұл дағдылар математика сабақтарында жиі пайдаланылады. Ал оқу және жеңіл тапсырмаларды орындау қабілеттеріне жоғары температура онша әсер етпеген, – делінген жарияланымда.
Ең көп зардап шеккендер - әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар. Олар жиі ауа баптағышы жоқ мектептерде оқиды және білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беретін қосымша сабақтарға қатыса алмайды. Соның салдарынан дәл осы оқушылар тобының когнитивті қабілеттері айтарлықтай төмендеген.
Ғалымдардың айтуынша, болашақта бұл жағдай жастар арасындағы білім деңгейінің алшақтауына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, қолайсыз ортада білім алу тұтас ұрпақтың интеллектуалды дамуын баяулатып, әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді.
Зерттеу авторлары білім беру саясатына климаттық факторларды ескеруді ұсынады. Мәселен, мектептердегі салқындату жүйелерін жаңарту және жаһандық жылыну жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау - ықтимал шешімдердің бірі ретінде аталады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?