20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның Ыстанбұлдағы консулдығы Түркияда тұрып жатқан қазақстандықтарды тіркелуге шақырды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Құрметті Қазақстан азаматтары! ҚР Ыстанбұл қаласындағы бас консулдығы өзіне қарасты консулдық округтің аумағында (Айдын, Балыкесір, Бартын, Бурса, Дүзже, Зонгулдак, Едірне, Измир, Кыркларелі, Қожаелі, Кастамону, Маниса, Сакария, Синот, Текирдағ, Ыстанбұл, Чанаккале, Ялова) тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан азаматтарының есебін жүргізіп жатыр. Қазақстандықтардың есептік деректері тек қана олардың құқықтары мен заңды мүддесін, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатынына назар аударамыз, - делінген хабарландыруда.
Аталған елде қандай да бір төтенше жағдай туындайтын болса, қазақстандықтардың мекенжайы туралы мәліметтер олармен шұғыл байланыс орнатуға және одан әрі іс-қимыл мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты аталған консулдық есепке тіркелу мақсатында мына сауалнаманы толтыруды өтініп сұрайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?