7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен бас консулдардың бейресми кездесуі ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқосуға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сапиев, Түркия Сыртқы істер министрлігінің Ыстанбұлдағы өкілдігінің басшысы Елші Айше Сөзен Услуер, Түркі инвестиция қорының басшысы Бағдат Амреев, Әзербайжанның бас консулы Нармина Мустафаева, Қырғызстанның бас консулы Лира Сыдыкова, Мажарстанның бас консулы Др. Атилла Пинтер, Туркіменстанның бас консулы Мухамметнур Овезов, Қазақстанның бас консулы Нуриддин Аманқұл қатысты.
Кездесу барысында дипломаттар бас консулдықтар деңгейінде бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен әлеуетті ортақ бастамаларды іске асыру мәселелерін жан-жақты талқылады.
Түркия Сыртқы істер министрлігінің Ыстанбұлдағы өкілдігінің басшысы елші Айше Сөзен Услуер Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету маңыздылығына тоқталып өтіп, Қазақстанның Түркі мемлекеттер ұйымында төрағалық мерзімі аясында өткізілген аталған басқосудың өзектілігін атап өтті.
Басқосуға қатысқан Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Түрікменстан дипломаттары Қазақстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығына ұйымдастырылған іс-шара үшін алғысын білдіріп, түрлі бағыттар бойынша өзара қарым-қатынастарды дамытуға дайын екендіктерін растады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?