Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Ыстанбұлдағы бас консулдығының қолдауымен «Бірлік қазақ жастары» студенттер ұйымы Ыстанбұлда Қазақстан студенттерінің құрылтайын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрылтайдың басты мақсаты – Түркияда білім алып жатқан және осы жылы оқуды бастаған жастарымыздың өзара бастарын қосып, оларға бағдар беру.
Жиынға Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл, қоғам қайраткерлері және жергілікті қазақ диаспорасының бірқатар белсенді азаматтары қатысты.
Бұл іс-шараға жиналған студенттердің басым көпшілігі Ыстанбұлға жаңадан келіп жатқан жастар болғандықтан бас консул Н. Аманқұл оларды жаңа оқу жылымен құттықтады және шетелде жүргенде болу елінің заңдарын қатаң сақтау керектігін ескертті. Сондай-ақ, студенттерге консулдық тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетіндігін жеткізіп, алдағы уақытқа ортақ іс-шаралар өткізу мәселесі талқыланды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер