Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікEl.kz ақпарат агенттігінің Youtube-тағы арнасына "күміс батырма" табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай батырма 100 мыңнан астам оқырман жинаған каналдарға беріледі. Қазір el.kz каналының оқырмандар саны 107 мыңға жетті. Қоғамдық, саяси, экономикалық ақпараттарды таратып жүрген канал ақпарат айдынында өз орнын алып үлгерді.
Америка Құрама Штаттарынан келген жүлдені алып, Qazcontent ұжымы зор қуанышқа бөленді.
Бұл - барлығымызға ортақ жеңіс. Журналистен бастап SMM мамандары, видеографтар, барлығымыздың ортақ еңбегіміз. Басқа сайттарымызға да жұғысты болсын! Бәріміз бірге ауызбіршілікте осындай керемет жетістіктерде бас қосып, құттықтап жүре берейік, - деді Qazcontent АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бекен Қоныс.
Айта кетейік, El.kz ақпараттық агенттігі Qazcontent-тегі порталдар арасында мұндай көрсеткішке алғаш болып қол жеткізді.
100 мыңға жетеміз дедік. Үлкен еңбек. Алты айдың ішінде 55 мың жазылушы жинадық. Енді алтын батырмаға қол жеткізейік, - деді Qazcontent АҚ басқарушы директоры Махат Садық.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер