Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрӘлемдегі ең ірі бейнехостинг – YouTube мобильді құрылғыларда, веб-нұсқада және теледидарлардағы интерфейс пен функцияларын жаңартуды бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Басты жаңалық – плеердің жаңартылған түрі. Енді ол үлкен, ерекше басқару батырмаларымен және айқын көрінетін айналдыру жолағымен ерекшеленеді.
Google компаниясының (YouTube-тың иесі) ресми парақшасында хабарланғандай, дыбыс реттеу жолағы енді экранның сол жағынан оң жағына ауыстырылған.
Жаңартылған плеер алғаш рет 2025 жылдың көктемінде таныстырылған болатын. Ол кезде кейбір қолданушылар өзгерістерді жылы қабылдамаған еді. Ал қазір Google пайдаланушылар пікірін ескеріп, кемшіліктерді түзеткеннен кейін, плеер әлдеқайда жинақы әрі заманауи түрге енді.
Мобильді құрылғылардағы жаңартулар айтарлықтай үлкен емес, бірақ басты айырмашылық – басқару элементтерінің көпшілігі сол жақ блокқа топтастырылған.
Сонымен қатар бірқатар жаңа мүмкіндік енгізілді:
Іздеу функциясы жетілдірілді – бейнені өткізіп жіберуге арналған қос реттік түрту (double tap) мүмкіндігі жаңартылып, көру кезінде ыңғайлырақ және көзге аз түсетіндей етіп жасалды;
«Ұнайды» белгілеріне жеке анимациялар қосылды – енді кейбір бейнелерде «Ұнайды» батырмасы мазмұн түріне қарай ерекше динамикалық анимациямен көрінеді.
Мысалы, музыкалық бейнеде бұл белгі анимацияланған музыкалық нота түрінде көрінсе, спорттық бейнелерде – ойын сәттерінен алынған визуалды эффектілер пайда болады.
YouTube-тың жаңартылған дизайны кезең-кезеңімен енгізілуде. Қолданушылардың көпшілігі оны қазірдің өзінде байқап үлгерді, ал қазан айының соңына қарай жаңа интерфейсті барлығы көре алатын болады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова