1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаңа есебінде Қазақстан соңғы 10 жылдың ішінде тұңғыш рет оң динамиканы көрсете отырып, Жаһандық гендерлік алшақтық индексінде (Global Gender Gap Index) 80-нен 65-орынға көтерілді, деп хабарлайды El.kz.
Әйелдердің 78%-ы және ерлердің 59%-ы толық кәсіптік (кәсіптік-техникалық немесе жоғары) білім алған. Әдеттегідей білім беру саласында көбінесе әйелдер маман болып табылады – 76% VS 23%. Ер адамдар Қазақстанда инженерия және құрылыс – 71% VS 28%, ИКТ – 69% VS 30%, ауыл шаруашылығы және ветеринария – 62% VS 37% мамандықтарын көбірек таңдайды. Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика сияқты мамандықтарында әйелдер саны екі есе үлкен – 66% VS 33%. Бизнес, басқару және құқықтану саласында әйелдер мен ерлер білімді тең алып жүргені белгілі болды. Бұл көрсеткішке әйелдер мен ерлердің өмір ұзақтығы әсер етеді. Қазақстанның еңбек нарығын 9,2 млн адам құрады, оның 48,5% – әйелдер. Қазақстанда әйелдер жеке бизнес иелерінің 23%-ын, сондай-ақ компаниялардың басшылығында 26%-ын құрайды.
Үкімет статистикасы бойынша табыс алшақтығы 21,7%.
Рейтингке әсер ететін факторлардың бірі – шешім қабылдау деңгейінде, үкімет құрамында және парламентте қазақстандық әйелдердің саны аз болуы.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?