20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек15 тамыз күні Алматы қаласының Орталық стадионында YE концерті өтеді. Көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлы қатынауын қамтамасыз ету мақсатында қалада жол қозғалысын ұйымдастыру және қоғамдық көліктің жұмысын күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында сағат 15:30-дан бастап Орталық стадион маңында көлік қозғалысына кезең-кезеңімен шектеу енгізіледі. Сәтбаев көшесінің Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылады.
Қауіпсіздік қызметтерінің шешімімен стадионға жақын орналасқан жолдардың жекелеген учаскелері де уақытша жабылуы мүмкін. Бұл ретте Абай даңғылы бойындағы қоғамдық көлік қалыпты режимде қатынай береді.
Көлік ағындарын реттеу және жол кептелістерінің алдын алу үшін оқиға орнында Полиция департаментінің қызметкерлері кезекшілік атқарады.
Концерт аяқталғаннан кейін көрермендерді қаланың алты бағыты бойынша 60 тегін шаттл тасымалдайды. Автобустар Орталық стадионнан Алматы Аренаға, «Алатау» метро станциясына (Райымбек батыр ауданы), Алматы-1 теміржол вокзалына, Орбита шағынауданына, Жұлдыз шағынауданына және Алматы халықаралық әуежайына қатынайды.
Сондай-ақ қоғамдық көлік пен метрополитеннің жұмысы күшейтіледі. «Байқоңыр» метро станциясы сағат 21:00-де жолаушылар үшін жабылады. Концерт қонақтарына «Абай» және «Мұхтар Әуезов атындағы театр» метро станцияларын пайдалану ұсынылады. Метроның жұмысы кемінде сағат 01:00-ге дейін, қажет болған жағдайда 03:00-ге дейін ұзартылады.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысқа қойылатын уақытша шектеулерді ескеріп, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?