Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТурнирдің финалдық кезеңі Павлодарда «Жағажай спорты» орталығында өтіп, бес команда чемпиондық атаққа таласты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үш күннің қорытындысы бойынша Абай облысының намысын қорғаған «Ярыш» 15 жыл бойы бас жүлдені бермеген павлодарлық «Арманды» жеңіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
«Сіздерді жағажай футболы бойынша Қазақстан чемпионатында жеңіске жетулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер бұл жеңіске қажырлы еңбектің нәтижесінде жеттіңіздер. Кәсіпқойлық, табандылық және жеңіске деген ұмтылыс кез келген кедергіні жеңе алатынын бүкіл елге көрсеттіңіздер. Сіздерге алдағы уақытта да жеңістер мен спорттық ареналарда жаңа жетістіктер тілеймін!», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауында.
Екінші орынға Тараздың «Омега» командасы табан тіресе, қола жүлде турнир қожайындары павлодарлық «Арманға» бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін «Ярыш» 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының және 2024 жылғы Қазақстан кубогының күміс жүлдегері атанған болатын.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер