7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?«Яндекс» сервистерінің жұмысында туындаған ақауға қарамастан, қазақстандық пайдаланушылардың жеке деректері сақталған серверлер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді.
Ведомство 11 қазанда таратқан ақпаратта «Яндекс» қызметтеріндегі ақау цифрлық платформалардың сенімділігіне қатысты заңды сұрақтар туғызғаны айтылған.
«Яндекс» сервистерінің жұмысындағы іркілістер Қазақстан азаматтары күнделікті пайдаланатын цифрлық платформалардың сенімділігіне қатысты орынды сұрақтар туғызды. Қазақстандық пайдаланушылардың жеке деректерін сақтауға арналған серверлер еліміздің аумағында орналасқан және қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Алайда ведомство өкілдері деректердің Қазақстан аумағында сақталуы платформаның барлық қызметі ел ішінде дербес жұмыс істейді дегенді білдірмейтінін түсіндірді. Атап айтқанда, такси шақыру және жеткізу қызметтерін қамтамасыз ететін кейбір техникалық компоненттер шетелде орналасқан.
Сервистердің үздіксіз жұмыс істеуі пайдаланушылар үшін аса маңызды. Сондықтан деректерді Қазақстан аумағында сақтау мен цифрлық платформалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету – кешенді шешімді қажет ететін екі бөлек міндет, – деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта «Яндекс» компаниясы сервистердің жұмысын қалпына келтірумен айналысып жатыр.
Министрлік компаниямен және Қазақстандағы инфрақұрылымдық ұйымдармен байланыс орнатып, қажетті қолдау көрсету мәселелерін пысықтауда. Сонымен қатар жүктеме артқан жағдайда өзге такси және жеткізу платформаларының да тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары қолға алынған.
Министрлік компаниямен және қазақстандық инфрақұрылымдық ұйымдармен бірлесіп, қажетті қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар жүктеменің артуына байланысты өзге такси және жеткізу платформаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылуда, – деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін «Яндекс Go» компаниясы сервистердің жұмысында ақау пайда болғанын, соның салдарынан кейбір қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Компания пайдаланушылардан, жүргізушілер мен курьерлерден келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
«Яндекс» өкілдерінің түсіндіруінше, сервистер жұмысындағы іркіліске деректерді өңдеу орталықтарының зақымдануы себеп болған.
Компания инженерлері алдымен ең көп қолданылатын қызметтердің жұмысын қалпына келтіруге күш салып жатыр. Қалған сервистерді де барлық өңірде мүмкіндігінше тезірек толық іске қосу жұмыстары жалғасуда.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?