20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКөпшілік көрерменге танымал оқушылар арасындағы «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны телеэкранға жаңа форматта қайта шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Хабар» агенттігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО бірлесіп, мегажобаны қайта жаңғыртуға кірісті. Жоба көктемнен бастап «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіле бастайды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, аталмыш жоба – еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелеуге бағытталған жастар қозғалысы.
Қазірдің өзінде жүздеген дарынды оқушы шақыруды қабылдап, қызықты интеллектуалдық ойынның қатысушыларына айналды. Әр облыстағы іріктеу кезеңдері 2024 жылдың қазан айында басталып, 2025 жылдың ақпан айына дейін жалғасады. Өңірлерден іріктелген ең үздік бес оқушы республикалық кезеңге қатысуға мүмкіндік алады, ол осы жылдың наурызынан бастап маусым айына дейін өтеді, - делінген мәліметте.
Ең үздік үш жеңімпазға еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға гранттар табысталады.
Қазірдің өзінде Павлодар, Қарағанды, Абай, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларынан республикалық турға қатысатын үздік бестіктер анықталды. Алматы, Ақтөбе, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында іріктеу кезеңдері қаңтар-ақпан айларында өтеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?