29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары6-15 наурыз күндері Милан және Кортина-д’Ампеццо (Италия) қалаларында XIV қысқы Паралимпия ойындары өтеді. Ашылу салтанаты 6 наурыз күні Верона Олимпиадалық аренасында белгіленген. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын паралимпиадашылардың тізімі жарияланды.
Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дүбірлі додада 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 600-ден астам спортшы бақ сынайды. Биыл ойын бағдарламасына пара сноуборд, пара хоккей, тау шаңғысы, арбадағы керлинг, пара биатлон және пара шаңғы жарысы енгізілген.
Қазақстан құрамасы пара шаңғы мен пара биатлон бойынша сынға түседі. Ұлттық құраманың сапына Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Әлімұлы және Владислав Кобаль енді. Олар қазір Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Айта кетерлігі, 2022 жылы Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында бес спортшы қатысты: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко. Паралимпиадашылар екі шаңғы жарысы мен парабиатлонда өнер көрсетті. Туды пара шаңғы жарысы бойынша Әлем Кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шықты. Нәтижесінде, 10 шақырымға биатлон жарысына қатысқан Александр Герлиц қола медаль алды. Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 17 орынға жайғасты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек