Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЛозаннада Тәуелсіз танылған спорт түрлері альянсы (AIMS) кезектен тыс онлайн-ассамблея өткізді. Сессияның басты оқиғасы – Халықаралық World Boxing федерациясының ұйым қатарына ресми түрде қабылдануы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
World Boxing-тің өтінімі SportAccord Атқарушы комитетінің жан-жақты тексерісінен өтіп, кейіннен мүшелік комиссиясында қаралды. Комиссия федерацияның барлық қажетті талаптарға сәйкес келетінін растады.
SportAccord-тың оң қорытындысынан кейін, World Boxing-ті қабылдау туралы ұсынысты AIMS кеңесі мен оның мүшелері мақұлдады. Осылайша, World Boxing AIMS спорт қауымдастығының бір бөлігіне айналды. Бұл – федерацияның дамуындағы маңызды кезең.
ҰОК мәліметінше, AIMS-ке мүшелік – Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) тарапынан танылуды мақсат еткен ұйымдар үшін міндетті қадам. AIMS-ке мүше болмайынша, ХОК өтінімдерді қарастырмайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді