22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыWorld Boxing Азия аумағында бокстың дамуы мен насихатталуын бақылау үшін жаңа Азия бокс конфедерациясының құрылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) Азия бокс конфедерациясының (ASBC) тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне байланысты президенттік қызметінен кеткен Пичай Чунхавадзира, өзінің мәлімдемесінде жаңа ұйымның құрылуына және оның алдағы жұмысына толық қолдау көрсететінін айтты.
World Boxing басшысы Борис ван дер Ворст қабылданған шешімді тарихи сәт екендігін атап өтті:
Азияда бокстың мүмкіндіктерін кеңейту жолында осындай қадам жасағанымызға қуаныштымыз. Жаңа Азия бокс конфедерациясы ілгері дамып, бокс деңгейін жаңа белестерге көтеретініне сенімдіміз, - деді World Boxing басшысы.
Конфедерацияның құрылуы World Boxing қауымдастығынан айқын қолдау тапты. World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Азия боксының әлемдік аренадағы маңыздылығын ерекше атап өтті:
Мұндай жаңашыл құрылымды құруға қатысу – үлкен мәртебе. Бүгінде Азия боксы әлемдік аренада ерекше рөл атқарады. Жаңа конфедерация біздің аймақтың алатын орнын одан әрі бекітіп және осы спорт түрінің дамуына жаңа серпін береді, - деді Геннадий Головкин.
Жаңа Азия конфедерациясының құрылуы құрлық боксының дамуына жол ашады. Ұйым тәуелсіздік, әділеттілік және спортшыларды қолдау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, мүдделі тараптарды ортақ мақсатқа біріктіреді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев