30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанға ресми сапармен келген Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, аталған кешен спорт саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады және көпсалалы орталық ретінде қызмет етпек. Нысанның құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Университеттің салынуы Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр.
Ұлттық спорт университетінің инфрақұрылымы үздіксіз білім беруді қамтамасыз етеді. Мұнда ғылыми-зерттеу орталығы, медициналық-сауықтыру орталығы, колледж ғимараты, стадион, 1000 орындық жатақхана, жабық жеңіл атлетика манежі, олимпиадалық бассейн, спорт кешені және оқытушыларға арналған тұрғын үй корпусы қарастырылған.
Құрметті мейман университет құрылысына жоғары баға беріп, болашақта аталған оқу ордасынан тек Қазақстанның емес, әлемдік спортты өркендететін спортшылар мен мамандар шығатынына сенім білдірді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды