Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлімізде волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, өткен жылы волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде волонтерлік ұйымдардың саны 3 есеге артты.
Оқи отырыңыз:
Волонтерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында республикалық және 20 өңірлік фронт-офис жұмыс істейді. Сондай-ақ Qazvolunteer.kz онлайн платформасы іске қосылып, онда 60 мыңнан аса белсенді волонтер тіркелген. 150-ден астам волонтерлік жоба және 700-ден аса волонтерлік бастама іске асты. Сондай-ақ азаматтарды волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруға бағытталған "Волонтерлік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді.
Сонымен қатар Үкімет волонтерлікті одан әрі дамыту үшін 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасын бекітті. Оны әзірлеуге еліміздің 20 өңірінен 500-ден аса адам қатысты. Аталған бастаманың шеңберінде волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасы үшін 200-ден астам ұсыныс түсті. Негізгі назар салалық волонтерлікті дамытуға бағытталған деп мәлімдеді министрліктен.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?