19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?«ПКОП» ЖШС-ның Шымкент МӨЗ-не жұмыс сапарымен ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов келді. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сапар барысында энергетика вице-министрі мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысып, зауыт қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Жиында қатысушылар жұмыс жоспарын талқылады және ҚР Энергетика министрлігі тарапынан зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бөлігінде одан әрі іс-қимыл жоспары бойынша ұсынымдар берілді.
Қазіргі уақытта зауытта бензиндердің каталитикалық риформинг қондырғысында пластиналы жылу алмастырғышты қосу бойынша операциялар жүргізіліп жатыр. Осы операцияны орындау үшін мұнайды бастапқы өңдеу, дизель отынын және авиациялық отынды гидротазарту қондырғылары ыстық айналымға ауыстырылды.
Мазутты терең өңдеу кешені штаттық режимде жұмыс істеп тұр, автобензин мен дизель отын шығаруда, мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту өтінімдерге сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Зауыт басшылығының ақпараты бойынша пластиналы жылу алмастырғышты жұмысқа қосу бойынша операциялар 23 шілдеде аяқталады, содан кейін 24 шілдеде қалыпты технологиялық режимге шығарылады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары