Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлем чемпионаты алдында ұлттық құрамалар өзара жарысып жатқандай. Статистикамен емес, маркетинг құралдарын пайдалану арқылы бірінен бірі өтетін контент жасап жүр. Түркия құрамасы ескі һәм жаңа ойыншыларының тандемін көрсетіп, айналаны қызылға бояса, Норвегия құрамасы тегіне, қайдан шыққанына назар аудартты.
Норвегия құрамасы викингтер стилінде киініп, фотосессия жасады. Басты кейіпкер – «Манчестер Сити» клубының жұлдызы Эрлинг Холанн. Столе Сольбаккен шәкірттері қару-жарақ асынып, теңіз жағасында суретке түскен. Жігіттер викингтердің киімін киіп, спорт пен мәдениеттің біртұтас екенін дәлелдеді.
Фотосессияны ресми парақшасына жариялап, «Норвегия келе жатыр» деп жазған. Осындай қадаммен-ақ жай келе жатпай, тұтас бір елдің арманын арқалап бара жатқанын нұсқады.
Норвегия құрамасы сенсация жасап, 28 жылдан кейін әлем чемпионатына жолдама алды. Іріктеудегі 8 матчта 24 ұпай жинады. Әсіресе Италия құрамасын 4:1 есебімен тас-талқан еткені елдің есінде қалды. Олар осы әлем біріншілігінде I тобында өнер көрсетеді. 17 маусым күні – Иракпен, 23 маусымда – Сенегалмен, 27 маусымда Франция құрамасымен ойнайды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 11 маусым – 19 шілде аралығында Америка, Мексика және Канада елдерінде қатар өтеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді