20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматының Түрксіб ауданындағы базардан басы табылған әйел ВИЧ инфекциясымен ауырған. Бұл туралы марқұм уақытша паналаған әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкері «Шешімі бар» бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.
Елдің есін екеу, түсін төртеу қылған қылмыс 12 сәуірде болған еді. Марқұмды танитын Түрксіб ауданындағы дүкен сатушысы әйелдің бассыз денесін Шолохов көшесіндегі саябақтан ит тапқанын айтады.
«Тергеушілердің айтуынша, оқиға таңғы сағат 5:00-де болған. Сағат 9:00 шамасында денесі табылған. Әйел серуендеп жүрген көрінеді. Денесін ит тауып алған», – деді сатушы Айжан.
Дене табылған жерде әлі де ұйыған қанның қалдығы бар. Ал саудагерлер бас салынған пакетте қан болмағанын айтады.
Айта кетейік, кеше Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Қаскөй 62 жаста және марқұммен таныс болған. Қылмыс жанжал кезінде жасалыпты. Өзге ақпарат жария етілмеді. Іс әлі тергеліп жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?