Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан құрамасы VI Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатысу үшін Сауд Арабиясына аттанды. Жарыс өтетін Эр-Риядтағы спортшылар қалашығында еліміздің Мемлекеттік туын көтеру рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақ спортшыларының алғашқы тобы Олимпиада үлгісіндегі қалашыққа орналастырылып, тұрмыс жағдайларымен танысты.
Биылғы ойындар 7-21 қараша күндері аралығында өтеді. Дүниежүзінің 57 мемлекеттен жиналған 3000-нан астам спортшысы жүлделер жиынтығын сарапқа салады.
Қазақстан атынан аламанға 98 спортшы қатысады. Олар 15 түрлі спорт бойынша бақ сынап, ел қоржынына жүлде салуға күш салады.
Бұған дейін ел намысын қорғайтын балуандар құрамы жарияланған болатын. Сонымен қатар каратэ шеберлері де анықталып, жауапты сынға сақадай сай дайындық үстінде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?