20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекВьетнам үкіметі жарияланған алдын ала деректерге сәйкес, тайфун әкелген нөсер жаңбыр салдарынан жеті адам қаза тапқан, 12 мыңнан астам үй қирап немесе бүлінген, ел астанасы Ханойдың басым бөлігі су астында қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сонымен қатар, тасқыннан 81,5 мың гектардан астам күріш алқабы және 4,5 мың гектар басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары жойылған. 1,6 миллионнан астам адам электр жарығынан айырылды.
Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чинь министрліктер мен мемлекеттік органдардың басшыларына, ірі корпорациялар жетекшілеріне және провинция билігіне жеделхат жолдап, тайфун салдарымен күрес бойынша нақты тапсырмалар берді. Құжатта үйлерді қалпына келтіру, көлік және энергетикалық инфрақұрылымды жөндеу, жоғалған адамдарды іздеу және ауыл шаруашылығы салаларына келген шығынды азайту үшін күш пен құралдарды жұмылдыру қажеттігі көрсетілген.
Вьетнамның метеорологиялық агенттігінің болжамынша, нөсер жаңбыр 27 тамыз күні де жалғасады. Елдің солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы кейбір аймақтарда жауын-шашын көлемі 70 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Бұдан бөлек, тоғыз провинцияда «кенеттен болатын су тасқындары мен көшкіндердің» қаупі жоғары.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?