Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Вьетнам Социалистік Республикасының Елшісі Фам Тай Ньы Майды дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ә.Бақаев биылғы жылы стратегиялық серіктестікке дейін көтерілген Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастардың динамикасын жоғары бағалап, Астананың өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық спектрін жан-жақты дамытуды жалғастыруға ұмтылысын жеткізді.
Министрдің орынбасары екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ерекше серпін беретін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам арасындағы жоғары деңгейде қалыптасқан диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Елші өзінің қызметі кезінде көрсетілген қолдау үшін шын жүректен ризашылығын білдірді және Ханойдың Астанамен өзара құрмет, сенім және бір-бірінің мүдделерін ескеру негізінде сындарлы ынтымақтастықты құруға дайын екеніне сендірді.
Тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер, сондай-ақ қолданыстағы құрлық және теңіз көлігі бағыттарын кеңейту арқылы сауда және логистикалық байланыстарды арттыру бастамалары бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында Ә.Бақаев Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мен дамытуға қосқан зор үлесі үшін Мемлекет басшысының жарлығымен наградталған Фам Тай Ньы Майға II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?